Қырғыз сомы долларға шаққанда 30%-ға құлдыраған

Фотография - Қырғыз сомы долларға шаққанда 30%-ға құлдыраған

Қырғызстан үкіметі жергілікті халықтан ұлттық валютаға қолдау көрсетуді сұрайды.

364 0

Қырғызстан үкіметі жергілікті халықтан ұлттық валютаға қолдау көрсетуді сұрайды.

Жыл басынан бері сомның долларға шаққандағы құны 30%-ға арзандаған. Ұлттық банк сомның құлдырауын болдырмау үшін барын салуда. Бірақ қаржылық ресурстар шектеулі. Долларға деген тәуелділіктен арылу үшін үкімет әкімішлік шараларды қолға алуға мәжбүр.

 Рубль, теңге және жаһандық жағдай. Қырғызстанның ұлттық валютасының әлсіреуіне осы үш фактор тікелей әсер етуде. Ресей мен Қазақстанның валюта нарығындағы соңғы өзгерістерден кейін Қырғызстан долларға жалғыз төтеп бере алмады. Өйткені арадағы тауар айналымының үлесі зор. Әлемдегі экономикалық дағдарыс та жағдайды шиеленістіре түсті. Алайда ең қауіптісі – бұл қаржы нарығындағы алыпсатарлар.

Толкунбек Абдыгулов, Қырғызстан Республикасының Ұлттық банк басшысы:
- Қоғамды жасынды дүрліктіріп отырғандар бар. Бүгінгі таңда Қырғызстанда доллардың бұлай қымбаттауына еш негіз жоқ. Бір доллардың құны 75-76сом аралығында сақталуы тиіс.

Соңғы бір айда доллар 6 сомға, ал жыл басынан бері 23 сомға қымбаттады. Ұлттық валютаның құлдырауын болдырмау үшін Ұлттық банк 250 миллион долларға 25 интервенция жүргізуге мәжбүр болды. Ал үкімет сомды қолдау мақсатында арнайы бағдарлама қабылдады.

Темир Сариев, Қырғызстан Республикасының премьер-министрі:
 - Бүгінгі уақытта барлық жылжымайтын мүлік доллармен саудаланады. Халық екі ретті маржа төлейді. Өйткені сатып алғысы келетін адам сомды долларға айырбастайды, одан кейін сатқан адам ол долларды қайтадан сомға аударады.

Барлық мемлекеттік мекемелер сатып алу шараларын тек ұлттық валютада жүргізетін болады. Мұндай тапсырма жеке кәсіпкерлерге де жүктелді. Алқұзырлы органдар қазақстандық және ресейлік серіктестрімен келіссөздер жүргізуге кірісті. Өйткені Премьер-министр Темир Сариев сауда-саттық саласындағы өзара төлем шараларын рубльмен немесе теңгемен жүргізуді ұсынып отыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!