Қазақстан мен Қытай арасында юаньмен есептесу көлемі ұлғаюы мүмкін - сарапшы

Фотография - Қазақстан мен Қытай арасында юаньмен есептесу көлемі ұлғаюы мүмкін - сарапшы

Сараптама Қытай ақшасының халықаралық резервті валюта ретінде мойындалуына байланысты жасалды

401 0

Қытай мен Қазақстан арасындағы теңге және юаньмен есептесу қытайлық валютаны АҚШ доллары, еуро, иен мен фунт стерлигтімен қатар халықаралық басты валюталар себетіне енгізгеннен кейін ұлғаюы мүмкін. Мұндай пікірді Today.kz-ке "Сентрас Секьюритиз" инвестициялық компания басқарма төрағасы Талғат комаров білдірді.

"Юаньді халықаралық басты валюталар себетіне енгізгеннен кейін оның дәрежесі автоматты түрде көтеріледі. Бұл келісім шартқа отыру процедураларын жеңілдету керек. Өз кезегінде бұл елдеріміздің арасасында сауда қарым-қатынасын жандандырады, Қазақстан үшін бұл пайдалы болмақ", - дейді сарапшы.

Сарапшының пікірінше, ең алдымен бұл валюталық келісімдердің қауіптілігін хеджирлеу қажеттілігін жояды. Бұл субьектілердің келісім шарттарын құқықтық реттеу процедураларын жеңілдетеді.

Бұған қажетті қаржылық инфрақұрылым жасалып қойған. 2004 жылдың қыркүйегінде KASE биржасында юань/теңге валюталарында саудалар басталып кеткен.

Ал, Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы Вячеслав Додоновтың пікірінше, ҚР мен ҚХР-дің қожайын субьектілерінің арасындағы ұлттық валютамен есептесуі көлемін экономикалық мүдде ғана  арттыра алады, мысалы, үлкен транзакциондық тоқтаулар.

"Яғни, егер біз өз валютамызды алдымен долларға, одан кейін юаньға конверттесек, бізде артық шығын болатыны түсінікті, тікелей есептесу кезінде біз одан қаша аламыз", - дейді Додонов. 

Бұндай шешімге келуімізге негіздер бар, бастысы – юань тұрақтылығы.

Сонымен бірге, Додонов жақын арада юань резервті валюта болудан кетеді дейді ол.

Естеріңізге салсақ, юаньді халықаралық резервті валюта себетіне енгізу шешімін Халықаралық валюта қоры 30 қарашада шығарған. Юаньға себеттен 11 пайыздық үлес тиесілі деп хабарлады ХВҚ. Бұл британдық фунт пен жапондық иеннің үлесінен көп. Ең үлкен үлес – американдық долларда. Еркін конверттелуіші валюта ретінде қытайлық юань тек 2020 жылы болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!