​Оңтүстік-Шығыс Азия әуе компанияларының көбі шығынға ұшырады

Фотография - ​Оңтүстік-Шығыс Азия әуе компанияларының көбі шығынға ұшырады

Бұл жайлы ақпарат дүйсенбі күні Straits Times газетінде жарияланды

571 0

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы әуе компанияларының көбі биылғы жылдың 9 айы ішінде шығынға батты. Бұл жайлы ақпарат дүйсенбі күні Straits Times газетінде жарияланды.

Басылымның хабарлауынша, бәрінен бұрын AirAsia компаниясының еншілес құрылымдары көп шығындалған. Атап айтсақ, индонезиялық бөлімшенің шығыны – 11 млн доллар, ал филиппиндік бөлімше 43 млн доллар, таиландтық бөлімше 11 млн доллар залал көрген. Таиландтағы Thai Airways ірі әуе компаниясының бюджеті 10 млн долларға кеміген, деп хабарлайды ТАСС. Singapore Airlines - SIA Cargo компаниясының көлік бөлімшесі 16 млн долларға шығындалды.

Соған қарамастан, малайзиялық AirAsia әуе компаниясы 200 млн доллар көлемінде табыс тапқан. Ал Singapore Airlines компаниясының есебі бойынша бюджетке 203 млн доллар кіріс түскен.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!