"KAZNEX INVEST" АҚ шетелдік өкілдіктер ашудан бас тартты

Фотография - "KAZNEX INVEST" АҚ шетелдік өкілдіктер ашудан бас тартты

Оларға жылына 1,2 миллион еуро бөлініп тұрады деп қарастырылған болатын

137 0

"KAZNEX INVEST" АҚ бюджеттің қысқаруынан төрт шетелдік өкілдіктерді аша алмады, деп жазады Today.kz агенттіктің басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қармановқа сілтеме жасай отырып. Қазіргі кезде Қытайда бір өкілдік бар.

"Биыл шетелдерде төрт өклдік ашу қарастырылған болатын. Олар бюджеттің қысқару есебінен ашылмады. Бізде бары бір өкілдік қана, Қытайда орналасқан және экспортты жүргізумен айналысады. Иә бюджет қысқарды. Бізге биыл шетелден өкілдік ашуға рұқсат бермеді", - дейді Қайрат Қарманов есептік баспасөз конференциясы барысында журналисттер сұрағына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ, агенттікті жекешелендіру туралы сұраққа жауап берді.

"KAZNEX INVEST жекешелендірілетіні туралы ештеме білмеймін. Менің ойымша, агенттікті сатып алуға ешкім қызықпайды, өйткені бізде ешқандай активтер жоқ", - деп атап өтті агенттік төрағасының орынбасары.

Ресей-Түрік конфликтіне қатысты инвестициялық саясаттың өзгеруі туралы айта отырып, Қайрат Қарманов агенттік барлық инвестрлерге ашық екенін атап өтті: ресейлік те, түркиялық та. "Біздің қарым-қатынасымыз оларға өзгерген жоқ. Бастысы – олар инвестиция құйса болғаны", -  дейді ол.

Мұның алдында Қайрат Қарманов агенттіктің 2015 жылы ҚР-на инвестиция тарту туралы қорытындысын баяндап берген. Оның айтуынша, дағдарыстық кезеңде процесс қиындады.

Естеріңізге салсақ, ҚР ИДМ 2015 жылы KAZNEX INVEST өкілдіктерін шетелде көбейтуді жоспарлаған. Оларға жылына 1,2 миллион еуро бөлініп тұрады деп қарастырылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!