Қазақстан еркін газ нарығына 2025 жылға қарай шығады – вице-министр

Фотография - Қазақстан еркін газ нарығына 2025 жылға қарай шығады – вице-министр

ЕАЭО аясында Қазақстанның өзге әріптестері секілді одақтың кез келген жерінде газ сатуға толық мүмкіндігі болады

146 0

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізген Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан еркін газ нарығына 2025 жылға қарай шығатындығын мәлімдеді. Айта кетейік, брифинг "Газды тасымалдаудың жаңа бағыттары" тақырыбы аясында өрбіген болатын.

БАҚ өкілдері Мағзұм Маратұлынан Қазақстанның Украинаға газ экспорттау мәселесіне қатысты сауал қойған болатын.

"Бұл мәселеге қатысты сұрақ әлі күнге дейін басы ашық күйінде қалып келеді. Себебі, бұл елге газ экспорттауымыз үшін Ресейдің арнайы рұқсаты керек. Бүгінгі күнде біздің арамызда ондай келісім жоқ. Сондықтан да біз газды Ресей шекарасында сатып жатырмыз және мұндай мәміле біздің көңілімізден шығады", - деді ол.
Сонымен қатар, ол Қазақстан Еуразия экономикалық одақ аясында 2025 жылға қарай еркін газ нарығын құру келісімі бар екендігін атап өтті.

"Біздің арамызда 2025 жылға қарай еркін газ нарығын құру туралы келісім бар. Ол ЕАЭО аясында Қазақстанның өзге әріптестері секілді одақтың кез келген жерінде газ сатуға толық мүмкіндігі болады",- деді М. Мырзағалиев.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!