БҚО-да әлеуметтік салаға 78,1 млрд. теңге бөлінді

Фотография - БҚО-да әлеуметтік салаға 78,1 млрд. теңге бөлінді

Өңірде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,8 пайызға жеткізілді.

326 0

Батыс Қазақстан облысында биыл әлеуметтік салаға 78,1 млрд. теңге бөлінді.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде білім беруге - 42,2 млрд. теңге, денсаулық сақтау саласына 22,2 млрд. теңге қаралды. 

Өңірде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,8 пайызға жеткізілді.
Облыста Елбасы тапсырмасына сәйкес, қолға алынған шаралар нәтижесінде үш ауысымда оқытатын мектептер қалған жоқ. Сондай-ақ, биыл апатты мектептерді жою мақсатында жергілікті қазына есебінен үш мектеп іске қосылды. Оған қоса республикалық бюджет есебінен оқушы орындарының тапшылығын жою бағытында екі мектеп пайдалануға берілді. Тағы бес мектеп республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеуден өткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!