2016 жылы бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізіледi – министр

Фотография - 2016 жылы бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізіледi – министр

Бұл туралы Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi

1210 0

2016 жылдың сәуір-тамыз айларында республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізіледі. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтің қатысуымен өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
"Екінші бағыт – бюджет саясатын оңтайландыру деп аталады. Бюджет саясатының негізгі мақсаты – қатаң үнемдеу, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану. Осыған байланысты, 2016 жылдың сәуіріне дейін Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасының және 2016 жылдың тамызына дейін жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобалары әзірленеді. 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 2016 жылдың сәуір-тамыз айларында тиімсіз шығыстарды және жеке сектор қаржыландыруы мүмкін шығыстарды алып тастау арқылы бюджет шығыстарын оңтайландыра отырып, республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізіледі", - дейдi министр.
Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрi мәлiм еткендей, 2016 жылдың наурызына дейін Бюджет кодексіне қолма-қол ақша тапшылығын жабу үшін жергілікті атқарушы органдардың үш жылға дейінгі мерзімге Үкіметтен қарыз алуын көздейтін толықтырулар енгізіледі және бюджеттен күрделі шығындарды қаржыландырудың сервистік моделін қолдану үшін 2016 жылдың наурызына дейін үлгілік сервистік келісімшарт әзірленеді.
"Жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын әзірлеу кезінде республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен барлық жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру 2017 жылдан бастап толықтай жергілікті деңгейге беріледі. Сондай-ақ, салық жүйесін түбегейлі реформалау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылдың тамызында ҚҚС орнына сатудан түсетін салықты енгізуді, салық режимдерін үш деңгейге дейін оңтайландыруды, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жоюды, сондай-ақ салық саласының ашықтығы мен салықты әкімшілендіру тиімділігін арттыруды көздейтін біріктірілген Салық және Кеден кодексінің жобасын Парламентке енгізеді", - деп мәлiмдедi министр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!