Биыл елімізде бір мыңнан астам жас отбасы баспаналы болды

Фотография - Биыл елімізде бір мыңнан астам жас отбасы баспаналы болды

Комитет төрағасы жеткізгендей, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына биыл 4,7 млрд. теңге бөлініпті

363 0

 Биылғы жылдың 11 айында елімізде бір мыңнан астам жас отбасы баспаналы болған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп жазды Baq.kz.

 "Республикалық бюджет және Ұлттық қордың қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үйлерге тоқталсам, кезект тұрған азаматтар үшін жалға берілетін баспана салуға биылғы жылы әкімдіктерге 9,8 млрд теңге нысаналы трансферттер бөлінді. 2015 жылдың 11 айында 86 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынды", - деп хабарлады М.Жайымбетов.

Жалпы, кезекте тұрған 1,2 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайые жақсартқан. Комитет төрағасы жеткізгендей, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына биыл 4,7 млрд. теңге бөлініпті.

"Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы зор қарқынмен жүргізіліп жатыр. Есепті кезең ішінде 57,4 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Осылайша бір мыңнан астам жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді", - дейді М.Жайымбетов



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!