Ұлттық банк теңге бағамының қысқа мерзімді ауытқуларын түзетуге тырысуда

Фотография - Ұлттық банк теңге бағамының қысқа мерзімді ауытқуларын түзетуге тырысуда

Қаржыны реттеуші валюта нарығындағы жағдайды түсіндіріп берді

306 0

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңге бағамының қысқа мерзімді ауытқуларын түзетуге тырысуда. Бұл туралы қаржы реттеушінің сайтында орналасқан баспасөз хабарламасынан белгілі болды, деп жазады Today.kz.

Теңгенің айырбас бағамы негізінен әлемдік қаржылық, тауарлық нарықтардағы бағаның өзгеруіне және ішкі нарықта шетелдік валютаға сұранысқа байланысты айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасып отырғаны айтылады.

"2014-2015 жылдары мұнай бағасының төмендеуі төлем теңгерімінің айтарлықтай нашарлауына және сәйкесінше ішкі валюталық нарықтағы теңгерімнің нашарлауына әкелді. 2015 жылдың желтоқсан айының басында Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі үшін 44,4 доллардан 37,8 долларға дейін немесе 15 пайызға төмендеуі айырбас бағамына қосымша қысым түсірді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ұлттық банк ішкі валюталық нарыққа теңгенің қысқамерзімдік ауытқуларын реттеу мақсатында қатысып отыр, бірақ бұл ретте ол шетелдік валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтайтын іргелі факторлардың қызметіне кедергі келтірмейді. 

Ал, KASE 15 желтоқсандағы таңғы сессиясының нәтижесі бойынша доллар бағамы Т+0 есебі бойынша 337,8 тенңге болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!