Қытай ШЫҰ аясында еркін сауда аймағын құруды ұсынды

Фотография - Қытай ШЫҰ аясында еркін сауда аймағын құруды ұсынды

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер ШЫҰ аясында еркін сауда аймағын құру мәселесін пысықтайды

247 0

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер ШЫҰ аясында еркін сауда аймағын құру мәселесін пысықтайды. Бұл туралы Ұйымға мүше елдер үкіметтерінің басшылары Кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Жаңа ғана шағын құрамда өткен отырыс барысында біз сауда және экономика министрлеріне ШЫҰ аясында еркін сауда аймағын құру бойынша нақты шаралар дайындауды тапсыруды жөн деп таптық. Бұл ұйым аясында сауданы дамытуға қолайлы жағдай тудырады", - деді Ли Кэцян.

Кеңес премьері ШЫҰ аясында сауда-саттық шарттарын жеңілдету жөнінде арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өтті және 2020 жылға қарай ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасында тауар, капитал, қызметтер мен технологиялардың еркін қозғалысына қол жеткізу үшін бұл бағытта бірлесе аянбай еңбек етуге шақырды.

"Біз сауданың жаңа формаларын ойлап табуымыз қажет. Тез арада ШЫҰ-дағы электронды сауда жөніндегі сауда-өнеркәсіптік қауымдастығын құруды және ұйымға мүше елдердің кәсіпорындарына жедел трансшекаралық операциялар үшін жағдай жасауды ұсынамын", - деп толықтырды ҚХР Мемлекеттік кеңес премьері.

Бұдан бөлек, Ли Кэцян Еуропа мен Азияны байланыстыратын бірыңғай көлік желісін құру қажеттілігіне де тоқталды. "Егер жол ашық болса, байлыққа бастар қақпа да ашық", - дейді ол.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!