Brent мұнайы баррелінің құны 3 пайызға арзандады

Фотография - Brent мұнайы баррелінің құны 3 пайызға арзандады

None

179 0

17 желтоқсан, бейсенбі күні мұнай бағасы тағы да арзандады. Лондонда интерқұрлықтық биржада солтүстік теңіздік Brent-тің  қаңтардағы фьючерс құны жабылар кезде 3,4 пайызға төмендеп, барреліне 37, 18 долларды құрады, деп хабарлады "Ведомости" газеті.

Дәл осы маркалы мұнайға ақпандағы фьючерс барреліне 37, 15 долларға дейін, яғни 5 пайызға төмендеді. Америкалық жеңіл WTI мұнайы да арзандауда. Қазіргі сәтте осы марканың қаңтарлық фьючерсі барреліне 36,68 долларға дейін түсті.

Мұнай нарығына АҚШ-тан жеткен жаңалық кері әсер етуде. Сонымен, ел конгресінің көшбасшылары АҚШ мұнай экспортына  40 жылдық эмбаргоны жоюды қамтитын салықтар мен мемлекеттік шығыстар туралы заң пакеті бойынша уағдаласқанын хабарлады. Заңдарды екі палата да мақұлдап,  президент Барак Обама қол қоюы тиіс.  Бұл 17 желтоқсанда, бейсенбі болады деп күтілуде.


ҚазАқпарат

 


Тегтер:

Мұнай бағасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!