Доллар бағамы шамамен 342 теңгеге шарықтады

Фотография - Доллар бағамы шамамен 342 теңгеге шарықтады

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 341,94 теңге

485 0

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 341,94 (+4,14 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 137 500 мың АҚШ долларын (+10 250 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 52,2285 (+0,6185 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 650 мың юаньді (+350 мың юань) құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!