2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды

Фотография - 2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды

Жалпы, бүгінде республика ішіндегі əлеуметтік маңызды жолаушылар тасымалы бюджет есебінен сусбидияланады

223 0

2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ вице-президенті Берік Қамалиев мәлім етті.

"Жалпы, бүгінде республика ішіндегі əлеуметтік маңызды жолаушылар тасымалы бюджет есебінен сусбидияланады. Тариф өз есебінен шығындарды жаба алмайтынына қарамастан, ТМД елдері арасында "Қазақстан темір жолы" компаниясының тарифтері - ең арзаны. Ең соңғы рет темір жол билетінің бағасы 2014 жылы қымбаттаған болатын. Биыл баға тұрақты болды жəне келесі жылы, яғни, 2016 жылы билет бағасы өспейді», - деп атап өтті вице-президент. 

Оның айтуынша, халықаралық тасымал бойынша да билет бағасы қымбаттамайды. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасында 45 пайызға дейін жеңілдік жүйесі күшін жоймайды. 

"Тұлпар-Тальго" жүрдек пойыздарының билет бағасын көтеру де көзделіп отырған жоқ", - деп мәлім етті Б.Қамалиев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!