Қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемі артады

Фотография - Қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемі артады

Осылайша, 2016 жылы зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері (ең төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақыны қосқанда) 37 789 теңге болады

106 0

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемі 9%-ға, мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылатын болады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында ынтымақты зейнетақы төлемі мөлшерінің жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп, индекстелуі қарастырылады. Ағымдағы жылғы 29 тамыздағы Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, тұтыну бағасының индексі 6-8%-ды құрады. Сол себепті келесі жылдың қаңтар айынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемінің мөлшері 9%-ға артатын болады (7% - инфляцияның орташа деңгейі және 2% - ілгерілеу).Сонымен қатар, базалық зейнетақы төлемі "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңымен 11 965 теңге көлемінде белгіленді, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 25 824 теңге болды. Осылайша, 2016 жылы зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері (ең төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақыны қосқанда) 37 789 теңге болады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік бойынша оның себебі мен тобына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейіне (тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" ҚР Заңымен белгіленеді); асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – қарауындағы жандардың саны мен ең төменгі күнкөріс деңгейіне; жасына қарай – тек ең төменгі күнкөріс деңгейіне тәуелді болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 7%-ға ұлғаятын болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25%-ға өседі. Еңбекке жарамсыздық пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң көлемі 7%-ға артатын болады. №1 және №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің артуына байланысты ұлғаятын болады. 2016 жылғы АЕК 2121 теңгені құрап отыр (2015 жылы – 1982 теңге). Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес 1,9 млн-ға жуық зейнеткерлер бар, сондай-ақ, шамамен 664,6 мың азамат жәрдемақы алып келеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!