Доллар 336 теңгеге дейін төмендеді

Фотография - Доллар 336 теңгеге дейін төмендеді

KASE таңғы сессиясы аяқталды

206 0

KASE таңғы сессиясының нәтижесінде Т+0 есебі бойынша доллар бағамы 336,66 теңгені құрады. Сессия негізгі болып келеді, деп жазады Today.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасай отырып.

Саудаға валюта қорының 27 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 146,7 миллион теңге. Соңғы, өткен 21 желтоқсандағы саудамен салыстырғанда ұлттық валютаға қатысты доллар бағамы тоғыз теңгеге төмендеді.

Еуроға қатысты T+0 есебі бойынша теңгемен және АҚШ долларымен келісім жасалмады. Сессияның жабылу сәтінде түзетулер болған жоқ.

T+0 есебі бойынша Қытай юаньі 51,3909 теңгені құрады, сауда көлемі 650 мың юань.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!