Әкішев теңгенің ары қарайғы құнсыздануы мүмкіндігін айтады

Фотография - Әкішев теңгенің ары қарайғы құнсыздануы мүмкіндігін айтады

None

292 0

Ұлттық банк төрағасы Данияр Әкішев теңге бағамына қатысты жай туралы айтып берді, деп жазады Today.kz. Оның айтуынша, ұлттық валютамыздың бағамына мұнай ғана емес, Ұлттық банк құзырына кірмейтін өзге де факторлар әсер етеді.

"Ұлттық банк есебінше, теңге бағамы АҚШ долларына қатысты, егер Brent маркалы мұнай бағасы 30-40 доллар аралығында сақталса, соңғы уақыттағы деңгейде тұрақтауы керек. Яғни, егер мұнай бағасы барреліне 30 доллар деңгейінен ауытқыса, ал рубль бағамы АҚШ долларына қатысты 10 пайыздан артық әлсізденсе, онда бағам өзгереді", - дейді Әкішев.

Сонымен бірге, оның айтуынша АҚШ ФРЖ ставкасын өзгертуі басқа факторлардың ықпалы арқылы Қазақстанға да әсер етеді.

Сонымен бірге, Ұлттық банк басшысының есебі бойынша, 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында инфляция деңгейі 12,8 пайызды құрады. Бұл алдындағы жоспарланған деңгейден жоғары.

Журналисттер сауалына жауап бере отырып, Әкішевтің өзі атап өткендей оның жинаған қаржысы жоқ және ол "жалақыны теңгемен алып, теңгемен жұмсайды".


Тегтер:

теңге бағамы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!