Ұлттық банктің Астанаға көшу мәселесі талқыланып жатыр

Фотография - Ұлттық банктің Астанаға көшу мәселесі талқыланып жатыр

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Ұлттық банктің Астанаға көшу мәселесі жайында түсініктеме берді

480 1

Бүгін Алматыда болған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Ұлттық банктің Астанаға көшу мәселесі жайында түсініктеме берді.

Бас банкир өз сөзінде бұл мәселенің қазір талқыланып жатқандығын, дегенмен, қазіргі таңда екі қаланың арасында жүріп-тұру оған ешқандай қиындық туғызбайтындығын айтты.

"Біз Ұлттық банкті көшіру мәселесін талқылап жатырмыз. Бірақ Астанаға барып келу жөнінен ешқандай қиындық көріп тұрғаным жоқ. Мен Үкіметтегі, Президент әкімшілігіндегі барлық отырыстарға тұрақты түде қатысып тұрамын. Оның үстіне қазір менің бір орынбасарым - Алпысбай Ахметов тұрақты негізде осы Астанада жұмыс істейді. Сәйкесінше, Ұлттық банктің Алматыдағы басшыларына түсер салмақ азайды. Біз екі қалаға жұмыс істеп атырмыз. Бұл қалыпты жағдай. Ешқандай ыңғайсыздығы жоқ", - деді Д.Ақышев.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Эльмира 22 қаң. 15:46

Доллор тагы неше есеге кобейеды. Ол шет елдын доллоры ушын неге быз киналып журмыз. Тенгемыз кунсыз болганыма

Жауап беру