"Самұрық-Қазына" демеушілік көмекке бөлінетін қаржыны екі есеге дейін қысқартты

Фотография - "Самұрық-Қазына" демеушілік көмекке бөлінетін қаржыны екі есеге дейін қысқартты

Алайда, оның сөзіне қарағанда, ең маңызды жобалар бойынша демеушілік көлемі қысқарған жоқ

245 0

"Самұрық-Қазына» демеушілік көмекке бөлінетін қаражатты екі есеге дейін қысқартуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін "Эксперт" сарапшылық клубының отырысында "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов мәлім етті. 

"Дағдарыс екпінін айналып өту мүмкін емес. Егер жылдар бойынша алатын болсақ, 2013 жылы жалпы ддемеушілік көмекке 28 млрд. теңге бөлінген, 2014 жылы 33 млрд. теңге, 2015 жылғы сома әлі нақтыланады, дегенмен ол жыл соңында 16 млрд., мүмкін 17 млрд. теңге көлемінде шығатын шығар. Қарап отырғаныңыздай, демеушілік көмек екі есеге қысқарып отыр", - деді Айдар Махметов. 

Алайда, оның сөзіне қарағанда, ең маңызды жобалар бойынша демеушілік көлемі қысқарған жоқ. 

"Бұл фактор сөз жоқ, бізің демеушілікке зәру бірқатар жобаларға қатты әсер етті. Бірақ біз әлеуметтік маңызға ие Аружан Саинның сал ауруына, аутизмге шалдыққан балалардың еміне қолдау көрсетіп келе жатқан "Қайырымдылық" ұйымына, "Дом" атты қорға демеушілік жасауды тоқтатқан жоқпыз. Біз тек спорттық саладағы демеушілікті едәуір қысқарттық. Келесі жылы да осы сома өспейді деп отырмыз", - деді А. Махметов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!