RBS: мұнайдың баррелі 16 долларға дейін құлдырайды

Фотография - RBS: мұнайдың баррелі 16 долларға дейін құлдырайды

Шотландия Корольдік банкі (Royal Bank of Scotland) мұнай бағасына қатысты келер жылға болжам айтты.

189 0

Шотландия Корольдік банкі (Royal Bank of Scotland) мұнай бағасына қатысты келер жылға болжам айтты.

 RBS мәлімдеуінше, бұл шикізаттың бағасы 2016 жыл басталмай жатып, арзандап кетуі мүмкін. Бұл үшін қолайлы алғышарттар биыл да қалыптаса түсіп, жағдайды ушықтырды. Атап айтсақ, мұнайға сұраныс төмендеп, ұсыныс шектен асып түсті. Ал Кариб теңізі аймағындағы елдерді жағалаған «Эль-Ниньо» құбылысынан қыс мезгілі жылы болып тұр.

Мұнымен қоса, бүкіл дүние жүзі алған несиені өтей алмай әлек. Қазіргі уақытта сауда-саттық азайып, Федералды резерв жүйесі төлем пайызының мөлшерлемесін көбейтіп, жаһан бойынша кредит беру күрт қысқарды. Сарапшылардың айтуынша, осы жәйттердің барлығы әлем экономикасын күйрете түспек.

Егер мұнай саудасы нарығына санкция құрсауынан құтылған Иран қосылса, онда жағдай мүлде мүшкіл болып кетуі мүмкін.

Сондай-ақ технологиялар қарыштап дамып, көмірсутек шикізатын адам өмірінен күн өткен сайын ығыстыруда. Қазірдің өзінде электрдің, сутекті отынның көмегімен жүретін түрлі көлік құралдары пайда болды. Күн энергиясын пайдалану жаһан жұрты арасында тез белең алып, қуаттың ең арзан көзі ретінде танымал болуда.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!