Түркі әлемінің экономистер одағы құрылды

Фотография - Түркі әлемінің экономистер одағы құрылды

Түркі әлемінің экономистер одағы Түркі әлемі елдерімен басқа да мемлекеттер экономистерінің басын қосатын ерікті халықаралық ұйым

363 0

Бүгін Бакуде Түркі академиясы халықаралық ұйымының басшысы Д.Қыдырәлі Әзербайжан Мемлекеттік Экономика университетімен "Түркі әлемінің экономистер одағын құру туралы құжатқа қол қойды.

Түркі әлемінің экономистер одағы Түркі әлемі елдерімен ықылас  танытқан басқа да мемлекеттер экономистерінің басын қосатын ерікті халықаралық ұйым болмақ. Негізгі мақсаты: түркітілдес мемлекеттер экономистері арасында тығыз байланыс орнатып, ғылыми және экономикалық зерттеулердің дамуына, әрі  халықаралық деңгейге сай келетін экономикалық зерттеулердің жоғары стандарттарын қалыптастыруға атсалысу боп саналады.

Бүгін қол қойылған шешімге сәйкес, Одақтың төрағасы болып Әзербайжан Ұлттық экономика университетінің ректоры А.Мурадов сайланды.

Түркі академиясы халықаралық ұйымы Экономистер одағының Түркі әлемінің интеллектуалдық кеңістігінде әрекет ететін ұйымдармен ғылыми және халықаралық байланыстарын реттейтін үйлестіруші рөлін атқаратын болады.

Айта кету керек, Түркі әлемінің экономистер одағына Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің және қызығушылық білдірген өзге де елдердің ұлттық экономистер одақтары (қауымдастықтары, бірлестіктері) мүше бола алады, деп хабарлайдыТүркі академиясы  Халықаралық ұйымының баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!