Ресейде валюта сатып алу үшін сауалнама толтыру керек

Фотография - Ресейде валюта сатып алу үшін сауалнама толтыру керек

РФ Орталық Банкі 27 желтоқсаннан бастап, доллар, еуро және өзге валюталарды сатып алу ережелерін қатайтатын заңды іске асырады

142 0

РФ Орталық Банкі 27 желтоқсаннан бастап, доллар, еуро және өзге валюталарды сатып алу ережелерін қатайтатын заңды іске асырады.

 Енді азаматтар өзге валюта айырбастау үшін бұрынғыдай тек төлқұжат көрсетіп ғана қоймай, арнайы сауалнаманы толтырып, жаңа заңның өзге де ережелерін қатаң сақтауға тура келеді, деп хабарлайды Bankir.ru.

Заңгерлердің айтуынша, жаңа ереже бойынша валюта айырбастаушы клиенттің терроризм мен экстремизмге қатыстылығы өте мұқият тексерілетін болады.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар жүйесіндегі, РФ зейнетақы қорындағы, жеке кәсіпкерлік пен жоғалған және мерзімі өткен төлқұжаттар базасындағы оның жеке басына қатысты ақпарат та назарға алынады.

Валюта айырбастауға қатысты жаңа құжат «Қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыруға (жымқыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы» заң талаптарына сәйкес қабылданған.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!