Доллар 326 теңге көлемінде тұрақтады

Фотография - Доллар 326 теңге көлемінде тұрақтады

KASE таңғы сессиясы аяқталды

334 0

KASE таңғы сессиясының нәтижесі бойынша Т+1 есебі негізінде доллар бағамы 326,38 теңгені құрады. Сессия негізгі болып келеді, деп жазады Today.kz Қазақстандық қор биржасына сілтеме жасай отырып.

Саудаға валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 51,1 миллион доллар.

Т+0 есебі бойынша АҚШ долларымен және еуромен АҚШ, Ұлыбритания мен Германиядағы мерекелік күнге байланысты сауда болмады.  

T+1 есебі бойынша АҚШ доллары мен еуромен келісім жасалмады. Сессияның жабылу сәтінде түзетулер болмады.

Қытай юаньі T+0 есебі бойынша бір юань үшін 50,2800 теңгені құрады, сауда көлемі 300 мың юань.

Сарапшылар мұның алдында қаржы секторындағы жағдай туралы айтып берді. Қоғамдағы қауіптенуге қарамастан, сарапшылар пікірінше, доллардың 400 теңгеге дейін баруының ықтималы аз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!