Астанада инвесторлар үшін алғашқы арнайы қызмет алаңы ашылды

Фотография - Астанада инвесторлар үшін алғашқы арнайы қызмет алаңы ашылды

Астанада инвесторларға қызмет көрсету мақсатында еліміз бойынша алғашқы инвесторларға қызмет көрсету орталығы ашылды

81 0

Астанада инвесторларға қызмет көрсету мақсатында еліміз бойынша алғашқы инвесторларға қызмет көрсету орталығы ашылды. "Бір терезе" қағидасы бойынша ашылған қызмет көрсету алаңында 350-ге жуық мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады.

Мамандардардың айтуынша, бұл жоба қазірше Халыққа қызмет көрсету орталығында пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Алдағы уақытта еліміздегі әрбір облыс орталығында ХҚО тек қана отандық және шетелдік инвесторлар үшін қызмет көрсетіп, кеңес беретін осындай арнайы алаңдар ашу межеленіп отыр. Бұл жөнінде «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева былай дейді:

«Алдағы жылдың қаңтар айынан бастап бізде 19 халыққа қызмет көрсету орталығында осындай сектор ашылады. Осы мақсатта біздің мамандарымыз арнайы оқу курстарынан өтті. Соның ішінде, әрине, тіл курсы да бар. Себебі, шетелдік инвестормен тез түсінісу үшін бұл сөзсіз қажет. Қазіргі кезде 57 инспекторымыз жұмыс істейді. Олар орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде еркін қызмет көрсетеді. Ал Қазақстан бойынша 270 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, «бір терезе» жүйесі енгізілген өңірлер қатары арта түспек».

Айта кетейік, қазіргі кезде елімізде инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы аясында онлайн қызметін автоматтандыру және қамтамасыз етуде baseinvest.kz сайты қызмет етеді. Бұл жерде инвестор тіркеліп, толық әрі жан-жақты ақпараттар ала алады және онлайн режимде құжаттар алу үрдісін бақылай алады.


BNews.kz






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!