2016 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі күрт өседі

Фотография - 2016 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі күрт өседі

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы "Портрет недели" бағдарламасының авторы Артур Платоновқа сұқбат берді

1433 0

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Әкішев "Портрет недели" бағдарламасының авторы Артур Платоновқа берген сұқбатында 2016 алғашқы жартысында Қазақстанда инфляция деңгейі күрт өсетінін мәлімдеді. Алайда, жылдың екінші жартысында бұл үдерістің беті қайтып, төмен түседі дейді қаржы реттеуші мекеме басшысы, деп жазады Today.kz.

"Ұлттық банктің 2016 жылы басты міндеті – инфляция деңгейін алтыдан сегіз пайыз дәлізінде сақтау. Жылдық инфляция деңгейі қараша соңында шынымен 12,8 пайызды құрады. Бұл Ұлттық банк пен Үкімет бірігіп жыл басында жоспарлағаннан асып кетті, біз дәлізден шығып кеттік. Инфляцияны туындатып отырған айырбас бағамының өзгеруі, импорт құнының өсуі. Біз, 2016 жылы инфляция деңгейі төмендейді деген ойдамыз. Иә ол өсіп келеді, алайда, жыл  соңында тұрақталады. Курс бағамы өзгеруі әсерінің бағаға ықпал етуі мәңгі жалғаса бермейді. Бағаларды түзету үнемі болып тұрады. Сондықтан, 2016 жылы инфляция күрт өсіп, жыл соңында төмен түседі", - Данияр Әкішев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!