2016 жылы бюджеттiк бағдарламаларға тексеру жүргiзiледi – Е.Досаев

Фотография - 2016 жылы бюджеттiк бағдарламаларға тексеру жүргiзiледi – Е.Досаев

2016 жылдың сәуiр-тамыз айларында республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларға толық тексеру жүргiзiледi.

426 0

2016 жылдың сәуiр-тамыз айларында республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларға толық тексеру жүргiзiледi. Бұл жөнiнде ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен Үкiмет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi.

"Мемлекеттiк шығыстарды қатаң үнемдеу, олардың тиiмдiлiгiн арттыру және Ұлттық қордың қаражатын ұтымды пайдалану бюджет саясатының негiзгi мақсаттарына айналып отыр. Осыған байланысты, 2016 жылғы сәуiрге дейiн Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы және бюджет кодексiнiң жобалары жаңа редакцияда әзiрленетiн болады. 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру барысында 2016 жылдың сәуiр-тамыз айларында тиiмсiз шығындарды және жеке сектор қаржыландыруы мүмкiн шығындарды алып тастау арқылы бюджет шығынын оңтайландыра отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларға толық тексеру жүргiзiледi", - дедi Е.Досаев.

Сондай-ақ, министрдiң мәлiмдеуiнше, жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын әзiрлеу кезiнде республикалық бюджеттен бөлiнетiн нысаналы трансферттер есебiнен барлық жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру 2017 жылдан бастап толықтай жергiлiктi деңгейге берiлетiн болады. Сондай-ақ, Үкмет отырысында мәлiм болғандай, салық жүйесiндегi бiрқатар өзгерiстердi қарастыратын бiрiктiрiлген Салық және Кеден кодексiнiң жобасын 2016 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн Парламентке енгiзу жоспарланып отыр.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!