Сауд Арабиясы ел ішінде бензинге бағаны 40 пайызға көтерді

Фотография - Сауд Арабиясы ел ішінде бензинге бағаны 40 пайызға көтерді

Дүйсенбіде Сауд Арабиясы үкіметі жылдың рекордтық бюджет тапшылығымен аяқталатындығын мәлімдеген болатын

513 0

Сауд Арабиясы билігі бюджеттің рекордтық тапшылығына байланысты ел ішінде бензинге бағаны 40 пайызға көтерді. Енді Корольдікте бензиннің литрі -  24 цент.

Сауд Арабиясында бензинге және кейбір коммуналдық қызметтерге баға субсидия есебінен дәстүрлі төмен деңгейде ұсталуда. Ел мұнай өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Бағаны бір жарым есеге көтеруді сарапшылар соңғы онжылдықтағы елдегі ірі реформа деп атауда.

Дүйсенбіде Сауд Арабиясы үкіметі  жылдың рекордтық бюджет тапшылығымен аяқталатындығын мәлімдеген болатын. Тапшылық 97,9 млрд. доллар, немесе ІЖӨ 15 пайызы деп бағалануда.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, тапшылықтың қалыптасуына мұнайға бағаның төмендеуі елеулі фактор болған, деп хабарлайды Би-би-си.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!