Қазақстанда темекі қымбаттады

Фотография - Қазақстанда темекі қымбаттады

Cұранысқа ие темекілер құны орта есеппен 350-480 теңгеге көтеріледі

455 0

Қазақстанда бүгіннен бастап темекі қымбаттады. Бұдан былай оның ең төменгі бағасы 240 теңге болады, деп хабарлады 24.kz.

Ал сұранысқа ие темекілер құны орта есеппен 350-480 теңгеге көтеріледі. Аталған өзгерістер 2016 жылдан бастап темекі бұйымдарына акциздердің 30 пайызға қымбаттауынан орын алуда. Нақтырақ айтсақ, биыл акциздік мөлшерлеме шылымның 1000 талына 3900 теңгеден 5000 теңгеге өсетін болды. Парламент депуттарының айтуынша, бұл шара темекі шеккіштердің есебінен қазына бюджетін толтырып қана қоймай, халықтың зиянды әдеттен арылуына да өз үлесін қосады.

- Халық темекіні қымбаттату арқылы бюджетті өсіреміз деп ойламау керек. Бастысы - халқымыздың денсаулығы, өскелең ұрпақтың денсаулығы. Сондықтан біз осы темекі өнімдерін қымбаттату арқылы, сату тәртібін нығайту арқылы жастарды жаман әдеттен сақтандыруды көздеп отырмыз, - деді  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!