АҚШ 40 жылда алғашқы рет мұнайды экспортқа шығарды

Фотография - АҚШ 40 жылда алғашқы рет мұнайды экспортқа шығарды

сурет kapital.kz сайтынан

Тыйымды алып тастау мәселесін Республикалық партия өкілдері көтерген

398 0

 Құрама Штаттар мұнай экспортына салынған 40 жылдық тыйым жойылғаннан бергі қара алтынның алғашқы партиясын сатты. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды. Ақпаратқа сәйкес, Швейцариядағы Vitol сауда тобына арнап, америкалық ConocoPhillips компаниясы мұнай тиеген Theo T танкері Техастың Corpus Christi портынан сапарға шыққан. Ал таяу арада осы Vitol тобы үшін тиелген мұнайы бар екінші танкер Хьюстоннан жолға шығады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Барак Обама АҚШ-тың мұнай экспортына сонау 1975 жылы салынған тыйымның күшін жоятын құжатқа қол қойған еді. Тыйымды алып тастау мәселесін Республикалық партия өкілдері көтерген. Бірақ, олардың бастамасын демократтар қолдамай қойып, бюджеттің қабылдануы кешіге түсті. Бастапқыда АҚШ президенті Барак Обама шикі мұнай эмбаргосын алып тастауға қарсылық танытты. Себебі Демократиялық партия өкілдері экологиялық тұрғыдан таза баламалы қуат көздерімен жұмыс істейтін компанияларға көбірек қолдау көрсетуге дайындығын мәлімдеген болатын. Техас штатының өкілі, сенатор Джо Бартонның айтуынша, АҚШ-та «әлемдегі ең озық технологиялар мен ең жақсы мұнай бар» және ол осы арқылы Ресей, Сауд Арабиясы мен Иранды мұнай нарығынан ығыстырып жібереді. Қазір АҚШ қорында 486 миллион баррель мұнай бар, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!