Иран мен Сауд Арабиясының конфликті негізінде мұнай бағасы көтерілуде

Фотография - Иран мен Сауд Арабиясының конфликті негізінде мұнай бағасы көтерілуде

Brent маркалы мұнай бағасы 3,35 пайызға өскен

432 0

Лондон мен Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы өскені байқалады, мұны сауда мәліметтері нақтылауда, деп жазады Gazeta.ru. Brent маркалы мұнай бағасы 3,35 пайызға өскен.

ICE Futures Лондон биржасында Brent маркалы мұнайына деген фьючерстер ақпан айында жеткізуге 3,35 пайызға, барреліне 38,18 долларға дейін өсті.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы жеңіл мұнайна ақпан айының фьючерстері 1,96 пайызға, барреліне 37,77 долларға дейін өсті.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы кеше Иранмен ара қатынасын үзетінін жариялап, дипломатиялық қызметкерлерге елден 48 сағаттың ішінде кетуді бұйырған болатын. Бұған дейін Эр-Рияд шиіттік ағымның беделді уағызшы Нимр әл-Нимрді және тағы 46 адамды өлім жазасына кескен еді. Осыдан кейін аймақта жаппай наразылық шаралары басталып, ереуілшілер Тегеран мен Мешхедтегі елшілік пен консулдыққа шабуылдар жасап, саудиялық дипломаттар Ираннан шұғыл көшірілген болатын. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Сауд Арабиясы билігін өлім жазасына мораторий жариялауға шақырды.

Тегтер:

мұнай бағасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!