Қазақстан өндірістері дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдануда

Фотография - Қазақстан өндірістері дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдануда

Бұл отандық өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін жасалады

197 0

Отандық тауар өндірушілер ірі кәсіпорындармен және ұлттық компаниялармен ұзақмерзімді келісімшарттар жасасып, меморандумдарға қол қоятын болды.

 Бұл отандық өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін жасалады. Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың негізгі бағыттары осындай. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларға енген инфрақұрылым құрылысында отандық материалдар пайдаланылуы тиіс. Шағын және орта бизнес те қолдаудан шет қалған жоқ. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өңірлерге 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл айналым қоржынын толықтыру үшін несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға жұмсалады. Сондай-ақ 2016 жылы инвестициялық кредиттерді субсидиялауға және кепілдендіруге де 7 млрд теңге қосымша қаржы қаралған. Мұндай шаралар экономикаға 202 млрд теңге несие тартуға, өнім өндіру көлемін 418 млрд теңгеге ұлғайтуға, 15 мыңнан астам жұмыс орнын сақтауға және жаңадан жасақтауға, бюджетке 50 млрд теңгелік салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!