Оңтүстік Кореяның ақшасы Пхеньян мәлімдемесінен соң арзандады

Фотография - Оңтүстік Кореяның ақшасы Пхеньян мәлімдемесінен соң арзандады

Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізгені туралы мәлімдемесі көршілес елдің әл-ауқатына соққы берді

1112 0

Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізгені туралы мәлімдемесі көршілес елдің әл-ауқатына соққы берді. Жаппай қырып жоятын қарудың сыналғаны туралы ақпарат тараған бойда, Оңтүстік Кореяның төл ақшасы вон АҚШ долларына шаққанда осыдан 4 ай бұрынғы бағасына дейін арзандап кетті, деп хабарлайды Ренхап агенттігінің ресми сайты. Сондай-ақ елдің KOSPI биржасындағы акциялары 100 пунктке дейін құлдырады. Ядролық қару сынағы туралы естіген шетелдік инвесторлар да басын тарта бастады.  Ядролық сынақ салдарын Оңтүстік Корея экономикасының діңгегі саналатын Samsung, Hyundai, Kia, LG компаниялары да сезінген, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!