Бір күнде әлемдегі ең бай бес адам 8,7 млрд долларынан айырылды

Фотография - Бір күнде әлемдегі ең бай бес адам 8,7 млрд долларынан айырылды

Қор нарығындағы құлдырау салдарынан әлемнің ең бай деген бес адамы бір күн ішінде 8 млрд 700 млн долларын жоғалтты

274 0

Қор нарығындағы құлдырау салдарынан әлемнің ең бай деген бес адамы бір күн ішінде 8 млрд 700 млн долларын жоғалтты.

 Солардың ішінде "Амазонның" негізін қалаушы Джефф Безостың қалтасы көбірек қағылғанға ұқсайды. Онлайн-сауда жасайтын компания акциялары 5,8%-ға арзандаған. Жалпы, нарықтағы жағдайдан пайда көргендер де болды. Мәселен, америкалық инвестор Карл Айканның капиталы бір күн ішінде 210 млн-дан бірден 20 млрд-қа дейін артты. Айта кеткен жөн, осы аптада алдымен Қытайдың, артынша Еуропа мен АҚШ-тың қор нарығы құлдыраған еді. Ал Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы жағдайдың ушығуынан мұнай бағасы қымбаттады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!