Қазақстанда жұмыс іздеудегі бәскелестік бір орынға 17 адамға дейін жеткен

Фотография - Қазақстанда жұмыс іздеудегі бәскелестік бір орынға 17 адамға дейін жеткен

HeadHunter Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтарды атады

448 0

Қазақстандағы еңбек нарығындағы ең қажетті мамандықтар белгілі болды, деп жазады Today.kzHeadHunter интернет-рекрутменті көшбасшысының сараптамасына сай жылдық ұсыныстар бойынша сату, бухгалтерия, маркетинг, жарнама, PR мен банктік сала мамандарына сұраныс артқан. Сондай-ақ, жұмыс берушілер ғылым мен білім беру, медецина мен фармацевтика саласы мамандарын жиі іздейді екен.

Ал жылдық есеп бойыша ең төменгі сұраныс құрылыс пен жылжымайтын мүлік, автомобильді бизнес, көлік пен логистика, сондай-ақ, ақпараттық технология салаларында.

HeadHunter рекрутері 2015 жылдың желтоқсан айында жұмыс іздеудегі жалпы бәсекелестік бір орынға 16,9 адамды құрағанын айтады.

Сараптамаға сәйкес, ұсынылған еңбекақы 3-5 пайызға өскен. Орташа айлық еңбекақының 2015 жылғы ең жоғары көрсеткіші Ақтауда – 125 мың және Атырау – 123 мың теңге. 2015 жылы жоғары менеджмент өкілдеріне ұсынылған орташа жалақы 225 мың теңге, шикізат өндіру саласы – 180 мың теңге, құрылыс пен жылжымайтын мүлік, кеңес беру, медецина мен фармацевтика – 150 мың теңгеден.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!