АҚШ қор биржасында 100 жылдан бергі ең ірі құлдырау тіркелді

Фотография - АҚШ қор биржасында 100 жылдан бергі ең ірі құлдырау тіркелді

АҚШ қор нарығының 2016 жыл басынан бері құлдыруы соңғы 119 жылдағы ең елеулісі болды, деп жазады "Коммерсантъ" газеті

242 0

CNN компаниясы сарапшыларының мәліметтерінше, жыл басынан бері АҚШ қор алаңдарындағы 4 қаңтарда басталған алғашқы саудада-ақ Dow Jones индексі – іскерлік белсенділіктің негізгі көрсеткіші – 5%-дан артық (немесе 911 тармаққа) құлдырады.

"Бұл есеп жүргізудің бүкіл тарихында ең төменгі құлдырау. Оны 1897 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан статистика көрсетіп тұр", – деп айтқан FactSet Research Systems компаниясының мамандарының сөзін келтіріпті.

Олар АҚШ-тың  Коннектикут штатында бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысып, әлем елдеріндегі өнеркәсіп пен қаржы секторларының мәліметтерін салыстырып отырады.

Сарапшылардың пікірінше, осындай нәтиженің себебі қытайлық валютаның ресми бағамының былтырғы тамыздан бері $1 үшін 6,5646 юаньға дейін төмендеуі болып отыр.


nur.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!