Қытайда АҚШ долларын сатып алуға шектеу қойылды

Фотография - Қытайда АҚШ долларын сатып алуға шектеу қойылды

Шэньчжэнь мен Шанхайда валюта сатылымына шектеу енгізілді

388 0

Қытай үкіметі жергілікті тұрғындар мен компанияларға шетелдік валюта сатып алуға шектеу қойды. Бұл қадам юаньға деген қысымды азайту мен капиталдың шетелге кетуін азайтуға бағытталған, деп жазады The Financial Times

Қытайдың бас қаржы реттеушісі Шэньчжэнь мен Шанхайдағы банктерге мұндағы АҚШ долларына деген үлкен сұранысты ескере отырып, валютаның сатылымын шектеу туралы ауызша нұсқау берген.

Шекетеу жеке және корпоративті клиенттерге қатысты. Жалпы жылына 50 мың АҚШ долларын сатып алуға ғана рұқсат. Сонымен бірге, валютаның сауда операцияларына, тікелей инвестицияға және тағы сол сияқтыларға керектігі туралы құжаттар қажет.

Клиенттер алдын ала тапсырыс бермесе бір күнде бес мың АҚШ долларын ала алады, егер алдын ала тапсырыс берген болса 10 мың доллар алуға мүмкіндігі бар. Мұндай сауданы аптасына үш рет өткізуге болады.

Айта кетейік, юань аптасына 0,8 пайызын жоғалтуда. Қытайдың валюталық қоры желтоқсан айында рекордтық деңгейге – 108 миллиард долларға қысқарған. Бұл капиталдың сыртқа кетіп жатқандығы мен Орталық банктің юань бағамын ұстап тұру үшін шығындалып жатқандығының көрсеткіші.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!