Биыл құны 100 млрд теңгелік 10 жоба жүзеге асырылады – Н. Әбдібеков

Фотография - Биыл құны 100 млрд теңгелік 10 жоба жүзеге асырылады – Н. Әбдібеков

сурет karaganda-region.gov.kz сайтынан

Жобаларға құйылатын жалпы инвестиция көлемі – 100 млрд теңгені құрап, соның игілігі ретінде 800 жаңа жұмыс орны ашылатын болады

189 0

Орталық коммуникациялар қызметінде өзі жетекшілік ететін өңірдің өткен жылдағы жұмысын қорытындылаған Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков биыл Қарағанды облысында құны 100 млрд теңгелік 10 жоба жүзеге асырылатындығын мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz .

- Осы жылғы жоспарлар туралы айтатын болсақ, биыл біз 10 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Жобаларға құйылатын жалпы инвестиция көлемі – 100 млрд теңгені құрап, соның игілігі ретінде 800 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, - Нұрмұхамбет Қанапияұлы.

Аймақ басшысының айтуынша, облыста Индустрияландыру картасы аясында ғана жұмыс жүргізіліп отырған жоқ. Бүгінге дейін 11 жоба жүзеге асып, 200 жұмыс орны құрылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!