British Petroleum компаниясы шикізат өндіру мен жұмыс орындарын қысқартады

Фотография - British Petroleum компаниясы шикізат өндіру мен жұмыс орындарын қысқартады

Британдық British Petroleum мұнай-газ компаниясы жұмыс орындары мен шикізат өндіру көлемін қысқартады.

120 0

Британдық British Petroleum мұнай-газ компаниясы жұмыс орындары мен шикізат өндіру көлемін қысқартады.

Ірі кәсіпорын мұндай қадамға мұнай бағасының төмендеуіне байланысты барып отыр. Кәсіпорын әлем бойынша қызметкерлерінің санын 5%-ға азайтпақ, яғни 20 мың адамды қысқартады. Оның ішінде Солтүстік теңіздегі мұнайшылар қатары 600 адамға кемиді. Сонымен қатар, 3,5 млрд долларды қайта құрылымдау шарасы жүзеге асуда. Бұдан басқа British Petroleum 2010 жылы Мексика шығанағында бұрғылау қондырғысында болған экологиялық апат салдарынан суға төгілген мұнайдан келген шығынды жабу үшін 20 млрд доллар өтемақы төлеуі тиіс. Компания бұған дейін құны 50 млрд долларлық активтерін сатты.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!