Жамбыл облысында биыл 22 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

Фотография - Жамбыл облысында биыл 22 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

Жамбыл блысына биылғы жылы "Жұмыспен қамту" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 8,1 млрд.теңге қарастырылды.

464 0

Биыл  өңірде  "Жұмыспен қамту" бағдарламасын жүзеге асыру үшін   8,1 млрд.теңге қарастырылды. Аталған қаражаттың  2 млрд. 346 млн. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінбек. Нәтижесінде  22 мың жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады деп күтілуде, - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасы биылғы Жолдауында халықты жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аударды. Жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл тұрғындарын еңбекпен қамту, бизнесті дамыту-бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Осыған байланысты  "Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020" бағдарламасы да өз жалғасын таппақ. 

Өткен жылы аталған бағдарламаға  26256 тартылып,  оның ішінде 17642-сі немесе 67,2 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Бағдарламаның бірінші бағыты (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) аясында 107 жобада жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде  412 азамат  еңбекке тартылды. 

Бағдарлама бойынша шағын несиеге қол жеткізгендердің де саны жыл сайын артып келеді.  2015 жылы  314 адам қомақты қаражат алып, 327 жаңа жұмыс орындарын ашқан.

812 адам кәсіптік оқытуды аяқтап, 90,6 пайызы жұмысқа орналасты. Нәтижесінде аймақтағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. 

2016 жылы бағдарлама шеңберінде нысандарда жүргізілетін  жөндеу жұмыстарына 4 млрд. 155 млн.теңге қаралған, 89 жоба іске асырылып, 862 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. 

Бағдарламаның 251 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 11,1 млн.теңге қаралған, сондай-ақ 678 адамға жалпы сомасы 2 млрд. 17 млн.теңгеге микрокредит беріледі. Бұл ауыл және қала тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік болмақ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!