Түркменстанда халыққа доллар сатуға тиым салынды

Фотография - Түркменстанда халыққа доллар сатуға тиым салынды

Түрікменстан билігі америкалық валютаның айналымына шектеу енгізді

212 0

Түрікменстан билігі америкалық валютаның айналымына шектеу енгізді, - деп хабарлайды HabarTm.

Басылымның мәліметінше, бұл елдің азаматтары банктерден енді доллар сатып ала алмайды. Сонымен қатар, базарларда долларды заңсыз айырбастауға да тыйым салынды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ақшаны заңсыз айырбастағандарды полиция бөлімшесіне әкетеді.

Түрікменстан аумағында доллар енді айналымда болмайды. Ал шетелге шыққысы келетіндерге қаржы институттары Сыртқы экономбанктен Visa картасын ашуды ұсынды. Картаға ақша манат валютасымен салынады, ал шетелде оны доллармен шешіп алуға болады.


islam.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!