Ақтөбеде үш жылда жылу мен қуат 74 миллион теңгеге үнемделді

Фотография - Ақтөбеде үш жылда жылу мен қуат 74 миллион теңгеге үнемделді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылға қарай энергия сыйымдылығын 10 пайызға, ал 2020 жылға дейін 25 пайызға төмендетуді тапсырған болатын.

210 0

Ақтөбе облысының 2013-2015 жылдардағы қуат үнемдеу жоспарына сәйкес үш жылда 74 миллион теңге үнемделді. Бұл 3,5 миллион кВт/сағ. электр қуаты, 14 мың ГКал жылу және 1,6 миллион текше метр газ, деп хабарлайды Bnews.kz.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылға қарай энергия сыйымдылығын 10 пайызға, ал 2020 жылға дейін 25 пайызға төмендетуді тапсырған болатын. Мемлекеттік стратегиялық міндетті орындау үшін 150 шараны орындау жоспарланды. "Өндірістік сала кәсіпорындарында энергия үнемдеуді анықтау үшін қаңтарда 6 энергоаудит жүргізілді. Мәселен, "Экотон Батыс" ЖШC – 18, жылу таратушы мекеме – 22, "Ақтөбе ЖЭО" АҚ – 24 пайыз энергия тиімділік потенциалды көрсетті», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Амантай Бекниязов.

Қазіргі күні Ақтөбе облысында көп қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде 1500-ге жуық тұрғын үйдің жылу жүйесі бір тетіктен басқарылады.

Ал су есептеу құрылғысы тұрғындардың 99,34 пайызында бар. Заңды тұлғалардың барлығы есептеу құралын қондырды. "Ақтөбе облысының 2013-2015 жылдардағы қуат үнемдеу жоспарына сәйкес үш жылда 74 миллион теңге үнемделді. Бұл 3,5 миллион кВт/сағ. электр қуаты, 14 мың ГКал жылу және 1,6 миллион текше метр газ. Жылу шығындарын азайту мақсатында 138 көп қабатты тұрғын үйге "Терможаңғырту-2020" бағдарламасы аясында жөндеу жүргізілді. Бұл жұмыстарға 2 миллиард 396 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды", - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А.Маханов.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімдігі мен "Arm Wind" ЖШС-і жалпы инвестициялық құны 125 миллион доллар болатын жел паркін салу меморандумына қол қойды. Жоба 2017 жылдың төртінші тоқсанында іске асады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!