Алматылық жүргізушілер мемлекетке 12 миллиард теңге қарыз

Фотография - Алматылық жүргізушілер мемлекетке 12 миллиард теңге қарыз

Бейнебақылау жүйесі 614 мың 880 жол ережесін бұзу дерегін тіркеген.

184 0

Жол ережесін бұзған алматылық жүргізушілер мемлекетке 12 миллиард теңге қарыз екен. Мұны рекордтық көрсеткіш десек болады деп хабарлайды 31 арна.
Өткен жылы Алматы қаласы бойынша ғана көлік жүргізушілер тарапынан үш жүз отыз екі мың үш жүз он тәртіп бұзу дерегі тіркелген. Ал 291 мың көлік иесіне 2 миллиард 513 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Әкімшілік полиция өкілдері өткен жылы қайта сот арқылы 2 миллиард теңгеге жуық айыппұл өндірілді дейді. Ал автоматты бақылау жүйесі анықтаған ереже бұзу саны тіптен көп. Бейнебақылау жүйесі 614 мың 880 жол ережесін бұзу дерегін тіркеген.
Көлік иелері мемлекетке 10 миллиард 914 миллион теңге қарыз болған. Алматыда есепте тұрған барлық 600 мыңдай көлікке жиналған айыппұл мөлшерін бөлсек, әр көлікке 20 мың теңгеден тиеді екен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!