"ҚазТрансОйл" АҚ пен "ҚазТрансГаз" АҚ бірікпейтінін ресми түрде мәлімдеді

Фотография - "ҚазТрансОйл" АҚ пен "ҚазТрансГаз" АҚ бірікпейтінін ресми түрде мәлімдеді

ҚМГ мұндай біріктірудің экономикалық тұрғыдан орынсыз екенін ресми түрде мәлімдейд

154 0

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-на (бұдан әрі - ҚМГ) бұқаралық ақпарат құралдары мен акционерлерден келіп түскен ҚМГ компаниялар тобының екі еншілес кәсіпорны "ҚазТрансОйл" АҚ пен "ҚазТрансГаз" АҚ-тың біріктірілу мүмкіндігі туралы сұрауларға байланысты ҚМГ мұндай біріктірудің экономикалық тұрғыдан орынсыз екенін ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды  "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметінінің жетекші маманы Әсел Әлімова.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 90 пайызы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

"ҚазТрансОйл" АҚ - "ҚазМунайГаз" АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. "ҚазТрансОйл" АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!