Ұлттық банк валюталық операцияларға шектеу қоймайды - Ақышев

Фотография - Ұлттық банк валюталық операцияларға шектеу қоймайды - Ақышев

Қаржы реттеушісі банктен тыс қаржы ауыстыру пунктерін жабуды қарастырмайды

290 0

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шетелдік валютамен операция өткізуге шектеу қоймайды, деп жазады Today.kz. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясы кезінде қаржы реттеушінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

"Біз шетелдік валютамен қолма-қол операцияларға және депозиттен қаржы шешуге ешқандай шектеу қоюды қарастырып та, жоспарлап та отырған жоқпыз. Бұл заңнама бойынша да, Қазақстанның валюта қорын либерализациялау және тартымды инвестициялық климатты қамтамассыз ету аясында қабылдаған халықаралық міндеттер бойынша да мүмкін емес. Мұның алдында айтқанымдай, қаржы және валюта нарығындағы тұрақталу мәселелері ел азаматтарының есебінен шешілмеуі керек", - дейді елдің бас банкирі.

Сонымен бірге, ол қаржы реттеуші жеке айырбас пунктерін жабуды қарастырып отырмағанын да жеткізді. Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап теңге бойынша депозиттер салымының ставкасы 10-нан 14 пайызға өсетіні белгілі болды, екінші деңгейдегі банктерде доллар бойынша ставкасы екі пайыз болады.

Айта кетейік, бүгінгі сауда нәтижелері бойынша ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 383,23 теңгені құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!