845

Теңге бағамы алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп күтеді Мәсімов

Қазақстан үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда ұлттық валютаның бағамына екі фактор әсерін тигізеді.
Фотография - Теңге бағамы алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп күтеді Мәсімов

Теңге бағамы салыстырмалы тепе-теңдікке жақындады, алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп санайды Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов. 

"Менің ойымша, біз белгілі бір салыстырмалы тепе-теңдік нүктесіне жақындадық, енді жақын болашақта, меніңше бір-екі апта ішінде рубльдің де долларға қатысты, теңгенің де долларға қатысты бағамның тұрақталғанын көреміз. Бұл өте маңызды деп білемін. Тепе-теңдік нүктесіне келгенде, жағдай да тұрақталады, сол кезде ұзақ мерзімді болжам жасауға болады", — дейді Кәрім Мәсімов РИА Новости агенттігіне. 

Қазақстан үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда ұлттық валютаның бағамына екі фактор әсерін тигізеді. "Бірінші фактор — мұнай бағасы. Екінші фактор  - бұл рубль бағамының тұрақты валюталарға қатынасы, өйткені біз Ресеймен бірге бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз", — деп атап өтті Мәсімов.

newskaz.kz