АҚШ қор нарығында акция құны құлдырауда

Фотография - АҚШ қор нарығында акция құны құлдырауда

АҚШ қор нарығының және мұнай бағасының төмендеуі тоқтар емес

269 0

АҚШ қор нарығының және мұнай бағасының төмендеуі тоқтар емес, деп мәлімдеді BlackRock-тің бас инвестициялық стратегі Расс Костерич Блумберг агенттігіне берген сұхбатында. 

"Қор нарығы мен мұнай бағасының тұрақтануы үшін ерекше бір жағдай керек. Әзірге мұндай ахуал қалыптасқан жоқ", дейді Костерич. АҚШ акция­лары арзандады. Алайда, ол инвесторлардың жаппай сатып алуын қалыптастыратын дәрежеге жеткен жоқ. АҚШ қор нарығында жаппай акциялар сататын кезең әлі алда, деп болжайды сарапшы.

Костеричтің айтуынша, АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірушілердің жұмысы тиімділік беретін емес. Таяу Шығыстың көпте­ген елдерінде мұнайдың өзіндік құны нарықтағы бүгінгі бағадан тө­мен. Сондықтан мұнай нарығында баға одан әрі құлдырауы мүмкін. Өткен жыл­ғы мамыр айынан бергі әлем­дік қор биржаларының жалпы капи­талдандырылуы деңгейі 15 триллион доллардан деңгейіне төмендеген. Бұл барлық қор биржаларында ерекше алаңдаушылық туғызып отыр.


egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!