ҚТЖ транзиттік тасымалдың кірісін 36 пайызға арттыруды жоспарлап отыр

Фотография - ҚТЖ транзиттік тасымалдың кірісін 36 пайызға арттыруды жоспарлап отыр

2015 жылы жүк айналымы 189,9 млрд.ткм құрады.

363 0

2016 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ транзиттік тасымалдан түсетін кіріс көлемін 36 пайызға дейін өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы 2015 жылдың қорытындысы мен 2016 жылға арналған басымдықты тапсырмалар жөнінде өткен отырыс барысында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Компания президенті Асқар Мамин Мемлекет басшысының "Нұрлы Жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында ұлттық көліктік инфрақұрылымды дамыту, көліктік- логистикалық қызметі сапасын көтеру туралы тапсырмаларының маңызы зор екендігін атап өтті.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, вице-президент Бауыржан Орынбасаров компанияның темір жол қозғалысы қауіпсіздігі саясатындағы атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Оның айтуынша, 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы компания бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу саны 11 пайызға, ақаулықтар 35 пайызға, ерекше ақаулықтар саны 23 пайызға азайған.

Логистика жөніндегі вице-президент Қанат Алпысбаев компаниядағы негізгі жұмыс қорытындысы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2015 жылы жүк айналымы 189,9 млрд.ткм құрады. ҚХР-ЕО-ҚХР бағдарындағы контейнерлік тасымалда едәуір өсім байқалды.

Кеңес барысында компанияның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Мақсат Қабашев баяндамасында компаниядағы тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Өткен жылы дағдарыстың төрт пакетін жүзеге асыру нәтижесінде 151,5 млрд теңге үнемделген.

Отырыс қорытындысы бойынша А. Мамин "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялары тобына жататын кәсіпорын басшыларына бұдан әрі қарай қаржылық тұрақтылықты сақтау, контейнерлік және жолаушылар тасымалдаудағы сапалық көрсеткіштер мен тиімділікті көтеру, машина жасау кластерін дамыту, бизнесті трансформациялау жұмыстарын жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!