Қазақстанда доллар 10 теңгеге арзандады

Фотография - Қазақстанда доллар 10 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 372,8 теңгені құрады

288 0

Мұнай бағасының көтерілуіне байланысты теңге біршама тұрақталды. Осылайша, Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 372,8 теңгені құрады, деп жазады Today.kz.

Айта кетейік, KASE 22 қаңтардағы өткен сессиясы бойынша доллар бағамы 382,87 теңге болған.

Ал, 24 қаңтар күні Алматы мен Астананың айырбастау пунктерінің көпшілігінде ұлттық валютаның жетіспеушілігі байқалған, осыған байланысты долларды сатуда қиындық туындаған. Ауырбастау пунктерінде, жағдай 25 қаңтар күні күндіз түзелетіндігін айтқан.

Сонымен бірге, Интерконтинентальды биржадағы сауда нәтижесі бойынша Brent маркалы мұнай барреліне 32,36 долларды құраған. WTI маркалы мұнайы барреліне 32,24 долларға дейін көтерілген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!