Қазақстандық тауар өндірушілер Ресей нарығын игеруде

Фотография - Қазақстандық тауар өндірушілер Ресей нарығын игеруде

Отандық тауар өндірушілер ресейлік алыпсатарлармен келісімшарт жасасып, өнімдерін көрсете алатын болды.

391 0

Қазақстанның азық-түлік өнімдері Ресей базарларын жаулап жатыр.

Бүгінде "Бауырсақ" бөлшек сату жүйесі Мәскеу мен Мәскеу облысында жұмыс істейді. Осындай тағы 12 дүкенді Қазақстан сауда өкілінің көмегімен бір жыл ішінде ашу жоспарланған. Сонымен қатар отандық тауар өндірушілер ресейлік алыпсатарлармен келісімшарт жасасып, өнімдерін көрсете алатын болды. ТМД елдерінің тауар өндірушілері осы "Фуд Сити" аса ірі логистикалық орталығында өнімдерін көрстетін алаңда Оңтүстік Қазақстан сауда-көрме павильоны ашылды. Мәскеудің ірі агросекторы атанған орталық арқылы тауар барлық аймақтарға, ірілі-ұсақты сауда жүйелеріне және дүкендерге, тіпті мейрамханаларға тарайды. Жылына шамамен 2 млн тонна жеміс-жидек пен көкеніс, ет, сүт және балық өнімдері осы жерден сатылады. Бұл көрсеткіш Мәскеудің жалпы тауар айналымының 15%-ын құрайды. Ал Оңтүстік Қазақстан көрмесінде Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Алматы және Жамбыл облыстарынан келген жиырмадан астам компаниялар өз өнімдерін қойған. Келер жылы көрмеге қатысатын отандық компаниялардың санын жүзге жеткізсек дейді ұйымдастырушылар.

Сапарбек Тұяқбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары: - Қызығушылық үлкен. Жер-жаһанның тауар жеткізушілерінің бәрі осында келеді. Мұнда біз өңірлерде өндірілетін түрлі азық-түліктерімізді көрсетпекшіміз. Макарон, кондитерлік өнімдер, ет және балық өнімдері, консервілер де бар. Бұл көрмеге қатысу кәсіпкерлеріміз үшін Мәскеу нарығына жол ашады. Барлық ірі сауда желілері мен мейрамханалар осы жерде келісімшарт жасасады. Ал кейін бәрі ойдағыдай болса, Мәскеуде минимаркет желілерін ашпақшымыз. Алексей Журавлев, "Фуд Сити" логистикалық орталық жетекшісінің орынбасары: - Біз бұған дейін түрлі форумдарда жолығатынбыз. Соңғы рет бірнеше ай бұрын кездестік. Содан міне мынадай нәтижеге қол жеткіздік. Әріптестігіміздің арқасында "Фуд Сити" агрокластерінің аумағында "Қазақстан" сауда үйі ашылды десек те болады. Мұнда өнімді сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуге болады. Бұл алаң көрмеге қатысушы 30-ға жуық компания мен жаңа тауар өндірушілер үшін де тиімді болып тұр.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!