Қазақстанда техника мен алтын бұйымдарға сұраныс төмендеп кетті

Фотография - Қазақстанда техника мен алтын бұйымдарға сұраныс төмендеп кетті

Қазір еліміздің әр өңірінде тауардың бұл түрлеріне деген сұраныс күрт төмендеп кетіпті.

1130 0

Қаржыны үнемдеуге көшкен халық сауда орындарынан тұрмыстық техника, жиһаздар мен алтын бұйымдарды бұрынғысынша сатып алудан бас тарта бастаған. Қазір еліміздің әр өңірінде тауардың бұл түрлеріне деген сұраныс күрт төмендеп кетіпті. Өйткені, доллар шарықтағалы азық-түліктен бөлек, шетелдік тауарлардың да  құны екі есеге өскен. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қазақстанда техника мен алтын бұйымдарға сұраныс төмендеп кетті

Теледидар, компьютер, қалта телефоны сияқты халық көп тұтынатын тұрмыстық техникалардың бағасы 70 пайызға дейін қымбаттағалы, сұраныс азайған.  Тіпті техникалардың кейбір түріне арнайы жеңілдіктер қойып, қала берді қосымша сыйлық ұсынса да сатып алуға қызығушылық білдіріп жатқандар қатары аз.

Ал, Ақтауда техникаларды айтпағанда, құнды әшекей бұйымдар 60 пайызға қымбаттаған. Мәселен, өткен аптада таза алтынның әрбір грамы 6 мың теңгеге бағаланса,  қазір 10 мың теңгеге бір-ақ жеткен. Шарықтаған бағадан сатушылардың саудасы тоқтап қалды. Өйткені, сұраныс тым төмендеп кетті дейді. Қаладағы алтын сатылатын орындардың барлығында қазір баға бірдей. Мәселен, бұған дейін 260 мың теңгеден сатылған шетелдік гаухар тасты алтын сырға 300 мың теңгеге бағаланып тұр.

Петропавлда да алтынның бағасы аспандап тұр. Елена есімді тұрғын зергерлік дүкендердегі бағаны көріп, есінен танып қала жаздағанын айтады. Бұйымдардың бағасы еселеп өскеніне қапалы. Алтын бұйымдар сатылатын дүкеннің біршамасын аралап көрген ол грамы кемінде 11 немесе 12 мыңнан арзанын таппайсыз, - дейді.

"Алтын бұйымдар әлі де қымбаттап жатыр. Қарапайым адамға қолжетімсіз болып барады. Грамына 5 мың сұрайтын алтынның бағасы қазір 10 мың деп айтсақ артық емес", - дейді  Петропавл қаласының тұрғыны Елена.

Өңірде шетелден әкелінетін алтынға сұраныс күрт төмендеп кеткенін зергерлік бұйымдар дүкенінің өкілдері де ашық айтып отыр. Керісінше, халық жаппай әшекей бұйымдардың арзан түрін тұтына бастаған. Сондықтан алтыннан гөрі қазір күміс әшекейлердің саудасы қызып тұр.

"Асыл бұйымдар еліміздегі валюта нарығындағы тұрақсыздық жағдайында ең бірінші болып өзгерістерге ұшырайды. Өйткені бағалы тастардың құны лондондық биржаға тікелей тәуелді", - дейді зергерлік дүкенінің қызметкері Анастасия Таранюк.

Жаңа қымбат бағаға тұтынушылардың бойы үйренгенге дейін сатып алу деңгейі төмен күйінде қалады дейді, мамандар.


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!