Оңтүстік Қазақстанда облыс бюджеті 99,8 пайызға игерілген

Фотография - Оңтүстік Қазақстанда облыс бюджеті 99,8 пайызға игерілген

Пайдалануға берілген үйдің жалпы алаңы 445,1 мың шаршы метрді құрап, жоспар 9,9 пайызға артық орындалып отыр

310 0

Өңір басшысының төрағалығымен облыс әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Онда облыстың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен облыс бюджетінің игерілу жайы айтылды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Жиында баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаевтың мәліметінше, облыста өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 668,4 млрд. теңгені құраса, кен өндіру өнеркәсібінде 182,9 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде 420,5 млрд. теңге, ауыл шаруашылығында 344,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сонымен қатар, баяндамашы аймақтағы құрылыс, денсаулық сақтау салықтық-бюджеттік салаларында атқарылған жұмыстардың есебіне де тоқталды. 
"2015 жылдың қорытындысы бойынша аймақтағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 184,9 мың бірлікті құрап, шағын және орта бизнес өкілдерімен шығарылған өнім көлемі 563,8 млрд. теңгеге жетіп, 5,7 пайызға артқан. Облыс экономикасын дамытуға 416 млрд. инвестиция тартылса, тұрғын үй құрылысына 30,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2014 жылмен салыстырғанда 11,2 пайызға көбейді. Нәтижесінде, пайдалануға берілген үйдің жалпы алаңы 445,1 мың шаршы метрді құрап, жоспар 9,9 пайызға артық орындалып отыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жұмыстары 80,5 пайызға толық орындалса, мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы жоспар аясында атқарылып, көрсеткіш үлесі 15,2 пайызға жетті. Ал бұқара халықты орталықтандырылған сумен қамту 84,4 пайызды құрап, 57,8 мың адам жұмыспен қамтылған", - деді басқарма басшысы. 
Жиында қаралған екінші мәселе - облыс бюджетінің игерілуі бойынша сөз алған облыстық қаржы басқармасының басшысы К.Мендебаев бөлінген 469 593,5 млн. теңгенің 468 625,9 млн. теңгесі игерілгенін айтты. Яғни, шығыс ақшаны ұқсатудың көрсеткіші 99,8 пайызды құрап, республика бойынша жоғарғы көрсеткішке жеткен. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен қаралған нысаналы трансферттер мен кредиттер 99,9 пайызға игерілген. Ал салықтар мен басқа да түсімдерден жергілікті бюджетке түскен кіріс қаржысы 101 159,4 млн. теңгені құрап, жоспар 9,3 млрд. теңгеге артық орындалыпты. 
Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысы күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша Елбасымыз, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы өңірімізде іске асыру бойынша нақты және егжей-тегжейлі жоспардың болуы керек екенін айтып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаевқа барлық салалар бойынша жоғарыда аталған стратегиялық құжатқа сәйкестендірілген бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Ал облыстық қаржы басқармасына 2016 жылға арналған бюджетті игеру бойынша арнайы жоспар дайындауды жүктеп, ол қаржының игерілмей қалу көлемдерін азайтуды көздейтін болуы қажеттігін айтты.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!